Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер Ерлан Қиясов «Ashyq» жобасын енгізу туралы жаңа қаулы қабылдады.
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 9-бабының 8) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының халқы арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Объектілерде «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру жалғастырылсын:
1) йога орталықтарын қоса алғанда, фитнес-клубтары;
2) спа-орталықтары;
3) моншалар, сауналар, бассейндер;
4) PlayStation клубтарын қоса алғанда, компьютерлік клубтар;
5) боулинг клубтары;
6) кинотеатрлар;
7) театрлар мен филармониялар;
8) стрит-фудтарды қоспағанда, қоғамдық тамақтану объектілері, жазғы алаңдар, фуд-корттар, банкет залдары;
9) асхана типіндегі қоғамдық тамақтану объектілері;
10) облысаралық және қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдар;
11) облысаралық және облысішілік тұрақты тасымалдар;
12) бильярд клубтары;
13) концерт залдары;
14) ерікті қатысушылар;
15) караоке;
16) көрмелер;
17) океанариум;
18) марафондар;
19) көрермендер қатысатын спорттық іс-шаралар;
20) әуежайлар;
21) лотерея клубтары және лотерея сататын өзге де орындар;
22) балалардың (жабық) ойын-сауық орталықтары;
23) цирктер;
24) отельдер, қонақ үйлер;
25) халыққа қызмет көрсету орталықтары;
26) темір жол вокзалдары және автовокзалдар;
27) (жабық) базарлар, сауда-ойын-сауық орталықтары, (азық түлік емес) сауда үйлері, сауда желілері;
28) балаларды сауықтыру орталықтары (жұмыскерлер (персонал) үшін);
29) букмекерлік конторалар;
30) сұлулық орталықтары мен салондары, шаштараздар, маникюр мен педикюр қызметтерін көрсету, косметикалық және косметологиялық қызметтер көрсету салондары;
31) барлық меншік нысанындағы және ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдары (педагогтар, персонал, ата-аналар (заңды өкілдері), келушілер, 18 жастағы және одан асқан білім алушылар үшін (ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің рұқсатымен балаларды 12 жастан бастап QR-кодты сканирлеу кезенде ерікті түрде тіркеле отырып));
32) спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары;
33) білім беру ұйымдарында білім алушылардың тұруына арналған жатақханалар мен интернаттар (педагогтар, персонал, ата-аналар (заңды өкілдері), келушілер, білім алушылар үшін);
34) діни объектілер;
35) ойын клубтары (казино);
36) «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы
Қаулының толық мәтінін мына сілтеме арқылы өтіп, таныса аласыздар.