Жаңа айыппұлдар: Жүргізушілер нені білу керек?

Бүгiн, 16:04
353
Бөлісу:
Жаңа айыппұлдар: Жүргізушілер нені білу керек?
Фото: Архив BAQ.KZ

2025 жылдың 13 наурызынан бастап Қазақстанда жол жүру ережелеріне жаңа өзгерістер енгізіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл өзгерістер жүргізушілерге салынатын айыппұлдарды қатаңдатып, жол қауіпсіздігі мен экологияны жақсартуға бағытталған.

Қандай айыппұлдар көбейеді?

Көліктен шығатын түтін мен шу нормадан асса бұрын тек ескерту болатын. Енді – 10 АЕК (34 500 тг) айыппұл, Ал заңды тұлғаларға – 100 АЕК (345 000 тг) айыппұл салынады.

Қарсы бағытқа шығу. Бұрын мүмкіндігі шектеулі жүргізушілерге айыппұл салынбайтын. Енді – 30 АЕК (103 500 тг) айыппұл, бірақ құқықтан айырмайды.

Теміржол өткелінен ережені бұзып өту

Бұрын – 10 АЕК

Енді – 20 АЕК (69 000 тг)

Егер мүлікке зиян келсе – 9 айға жүргізуші куәлігінен айыру.

Көліктің сыртына шығып кету немесе жүк көлігінің кузовында адам тасыған үшін енді – 5 АЕК (17 250 тг) айыппұл салынады.

Қандай айыппұлдар жеңілдетіледі?

Ақылы тұрақ үшін төлем жасамасаңыз, енді 1 АЕК (3 450 тг) ғана айыппұл болады. Бұрын 3 АЕК болатын.

Адам өміріне қауіп төндірмейтін ұсақ ереже бұзушылықтар үшін ескерту беріледі.

Бұл өзгерістер жол қауіпсіздігін арттыруға және қоршаған ортаны қорғауға бағытталған. Заңды білсеңіз – айыппұлдан құтыласыз.

Өзгелердің жаңалығы