Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Жаңа әдіс: Қазақстанда туберкулезді 2 сағат ішінде анықтайды

17 Шілде 2025, 15:55
944
Бөлісу:
 BAQ.KZ  - архив
Фото: BAQ.KZ - архив

Елімізде туберкулезді анықтау уақыты қысқарды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы ДСМ штаттан тыс бас фтизиатр-дәрігері, Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығының директоры Мәлік Әденов мәлімдеді.

Айтуынша, қазіргі уақытта қолған алынған шаралар елдегі туберкулёз бойынша эпидемиологиялық жағдайды тұрақты түрде жақсартуға ықпал етеді.

Мәселен, соңғы 10 жылда туберкулезбен ауыру көрсеткіші 43 пайызға, таралу көрсеткіші 52 пайызға, балалардың ауыруы 50,3 пайызға, туберкулёзден болатын өлім-жітім 75,6 пайызға төмендеген. Осылайша орнықты даму Мақсаттарының (ОДМ) 2025 жылға арналған аралық мақсаты – таралу мен өлімді төмендетуге 2024 жылы мерзімінен бұрын қол жетті, - деп атап өтті ведомство өкілі Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар ол елде енгізілген диагностиканың жаңа әдісіне тоқталды.

Қазақстандағы медициналық-санитарлық алғашқы көмек (МСАК) мекемелері деңгейінде туберкулезді диагностикалаудың заманауи жедел молекулярлы-генетикалық әдістері енгізілді, ол туберкулёзді және туберкулёз микобактериясының дәріге сезімталдығын 2 сағат ішінде анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар барлық облыстық фтизиопульмонологиялық орталық туберкулезді диагностикалаудың халықаралық стандарттарға сай барлық зертханалық әдістерімен толық қамтылған. Ұлттық референс зертханаға толық геномды секвенирлеу әдісі енгізілді. 2025 жылдың алғашқы 6 айында туберкулез жұқтыруы мүмкін деген 44 941 адам XpertMTB/Rif әдісімен емханаларда тексерілді, нәтижесінде 4 230 адамда (9,4%) туберкулез анықталды.Туберкулез жұқтырған 8633 адам профилактикалық емнен өтті, - деді еліміздің бас фтизиатр-дәрігері.

Еске салайық, бұған дейін қай өңір тұрғындары туберкулезге көп шалдыққаны туралы жаздық.

Өзгелердің жаңалығы