Жанайқайымыз Президентке жетті - Айнұр Тұрсынбаева

11 Шілде 2020, 11:42
2898
Бөлісу:
Жанайқайымыз Президентке жетті - Айнұр Тұрсынбаева

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жанайқайымыз Президентке жетіп, мәселе оң шешімін тапты деп жазды Айнұр Тұрсынбаева өзінің Іnstagram-дағы парақшасында. 

Санаулы сағат ішінде біздің жанайқайымыз Президентке дейін жетіп, мәселе оң шешімін тапты. Халықтан жиналған ақшаға алынған оттегі аппараттарын біз өзіміз тарататын болдық. Біздің әлеуметтік желіге жариялаған постқа үнсіз қалмай, бірден мәселені шешуге көмектескен Берік Уәли, Президент кеңесшісі Тамара Дүйсенова, Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойға, Сенат депутаты Дана Нұржігіт, Президент аппаратына, Қайрат Құдайбергенге, қоғам белсендісі Динара Сәтжанға алғысымызды білдіреміз, - деп жазды ол.
Айнұр Тұрсынбаева Қазақстанға 125 емес, 225 аппарат жеткізілетінін айтты. 

Ал ең үлкен алғыс - Алладан кейінгі екінші есім - халыққа алғысымыз зор! Сіздер болмасаңыздар, сіздер қолдамасаңыздар бұл мәселе мүлдем шешілмейтін еді. Екі-үш адамның  жанайқайы жетпейтін еді. Тағы бір қуанышты жаңалық - елге 125 емес, 225 аппарат жеткізетін болдық. Қорға тағы да ақша түсуде. Тіпті, ақша жетіп жатса, 500 жіберуге мүмкіндік туды. Оған тікелей менің 
@aidyn_nury_qory,  @dauletten_qory@elmira_eshniyazova қоры тікелей атсалысады. Бұл - біздің жеңіс! Барлық белсенділерге тағы да алғыс, - деп алғысын білдірді ақын.
Естеріңізге сала кетейік, қоғам белсенділері ақша жинап, Түркиядан өкпені жасанды жолмен желдететін бірнеше аппарат сатып алған. Бұл істің басы-қасында жүрген айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева Мемлекет басшысынан көмек сұраған еді.
Өзгелердің жаңалығы