Жамбылдық шаруалар күздік егістің 77,8 пайызын септі

3 Қараша 2021, 19:45
861
Бөлісу:
Жамбылдық шаруалар күздік егістің 77,8 пайызын септі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл күздік бидайды 152,7 мың гектар алқапқа себу жоспарланған. Бүгінгі таңда алқаптарға себілгені 77,8 пайызды құраса, қалған 22 пайызын ауыл шаруашылығы мамандары қараша айының он күндігінде аяқтамақ, деп хабарлады Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Өңірде күзгі дала жұмыстары қызу жүріп жатыр. Жергілікті әкімдіктің Ауыл шаруашылығы басқармасы таратқан мәліметке сәйкес, биыл қажетті егістік жердің 96,7 пайызы дайындалып, 118 782 гектар алқапқа күздік дақыл егілген. Сонымен қатар сапалы өңделген топырақта ғана дақылдың өсіп, дамуына қажетті жағдайлардың бәрі жасалуда.

Бір ғана Байзақ ауданын алатын болсақ, олар алдағы жылы дәнді дақылдардан жақсы өнім алу үшін диқандар сүдігер жыртып, тыңайту жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бүгінгі таңда ол ауданда 231,2 мың гектар сүдігер жыртылып, жоспар 53,6 пайызға орындалған. Онда күздік себу жұмысы да аяқталып келеді. Ал жалпы облыс бойынша күздік себуді қараша айының алғашқы он күндігінде 100 пайызға жеткізу көзделіп отыр, – деп түсіндірді басқарма басшысы Қайрат Аманов.

    

Өзгелердің жаңалығы