Жамбылдық оқушылар халықаралық олимпиададан жеңіспен оралды

<p> </p> <h4> <p> Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркия мемлекетінің Анталия қаласында ХІІІ халықаралық жаратылыстану бағытындағы пәндер бойынша олимпиадада Жамбыл облысының 3 оқушысынан құралған команда бірінші орынды иеленді. </p> <br> </h4>

 8 Қараша 2021 2021, 21:46
8 Қараша 2021 2021, 21:46
1358

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркия мемлекетінің Анталия қаласында ХІІІ халықаралық жаратылыстану бағытындағы пәндер бойынша олимпиадада Жамбыл облысының 3 оқушысынан құралған команда бірінші орынды иеленді.

Сондай-ақ, ұйымдастырушылар тарапынан өткізілген спорттық жарыста да жасөспірімдеріміз жеңіске жетті.

Әлемнің түкпір-түкпірінен келген оқушылардың ішінен суырылып шыққан өрендеріміз - Меркі ауданындағы №9 В.Савва атындағы мектеп-лицейдің оқушылары. Нақтылай айтқанда, Әмірқұл Әлішер ағылшын, математика пәндері бойынша бірінші, үшінші орындарды иеленсе, Жақсылық Данияр информатика пәні бойынша үшінші орыннан көрінді. Ал Османов Османпаша ағылшын-биология пәндері бойынша бірінші, үшінші орындарды қанжығалады - делінген облыс баспасөзы таратқан ақпаратта.

Наверх