Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ішкі істер вице-министрі Мұрат Баймұқашев Жамбыл өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде айтты.
Жамбыл облысындағы әскери қоймада тұтану фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 462-бабы (қару-жарақты, сондай-ақ айналадағылар үшін қауіп төндіретін заттар мен заттарды ұстау қағидаларын бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Төтенше жағдай кезінде уақытылы әрекет етудің нәтижесі оқиғаны бақылауда ұстауға мүмкіндік берді, - деді ол.Баймұқашев айтқандай, әлеуметтік желіде оқиғаға қатысты жалған ақпарат таратқандар қылмыстық кодекстің «Жалған ақпарат тарату» бабы бойынша жазаға тартылады.
Жалпы жұмыс бақылауда. Қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша жұмыс жалғастырылып жатыр, - дееді Мұрат Баймұқашев.
Естеріңізге салсақ, 26 тамызда Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімде сағат 19:00 шамасында қоймалардың бірінің жанында өрт шықты. Қоймада инженерлік оқ-дәрілер сақталған.