Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы оқ-дәрі қоймасындағы өртке байланысты, жоспардан тыс ауа сынамасын алды.
Байзақ ауданында орналасқан ҚР Қорғаныс министрлігінің №28349 ә/б оқ-дәрі қоймасының 2021 жылғы 26 тамызда сағат 19:10-да (инженерлік-саперлік бригада) жануы себебінен, "Қазгидромет" РМК Жамбыл облысы бойынша филиалы зертханасының қызметкерлері атмосфералық ауа сынамаларын жоспардан тыс іріктеу және талдау жүргізу үшін Байзақ ауданына барды.Өрт шыққан Үшбұлақ (120 тұрғын), Жібек жолы (500 тұрғын), Қайнар (85 тұрғын) елді мекендері Тараз қаласынан 20 км қашықтықта, оңтүстік-шығыс бағытында орналасқан.
Ластаушы заттардың шоғырлануы келесі химиялық қосылыстар бойынша өлшенді: қалқыма заттар (шаң), азот диоксиді/оксиді, күкірт диоксиді, көміртек оксиді, формальдегид және фтор сутегі. Өлшеу 5 нүктеде жүргізілді. Олар:
№ 1 нүкте: Тараз-Алматы трассасы, Тараз қаласынан 5 км жерде. Іріктеу уақыты 10с:40 минут, оқ - дәрі қоймасынан қашықтық 14 км құрайды, атмосфералық ауа температурасы 30,4 0С, желдің жылдамдығы 4 м/с, бағыты оңтүстік-батыс; радиация деңгейі 0,12 мкзв/сағ.
№ 2 нүкте: Байзақ ауылынан 500 м бұрылыста. Іріктеу уақыты 11с:15 минут, оқ-дәрі қоймасынан қашықтық 12 км құрайды, атмосфералық ауа температурасы 33,2 0С, желдің жылдамдығы 8 м/с, бағыты оңтүстік, оңтүстік-батыс, радиация деңгейі 0,17 мкзв/сағ.
№ 3 нүкте: Байзақ ауданы Үшбұлақ кентінің маңында. Іріктеу уақыты 11с:50 минут, оқ-дәрі қоймасынан қашықтық 8 км құрайды, атмосфералық ауа температурасы 34 0С, желдің жылдамдығы 7 м/с, бағыты оңтүстік-батыс, радиация деңгейі 0,15 мкзв/сағ.
№4 нүкте: Байзақ ауданы Жібек жолы кентінің маңында. Іріктеу уақыты 12с:28 минут, оқ-дәрі қоймасынан қашықтық 3,5 км құрайды, атмосфералық ауа температурасы 28,2 0С, желдің жылдамдығы 7 м / с, бағыты оңтүстік, оңтүстік-батыс, радиация деңгейі 0,17 мкзв/сағ.
№5 нүкте: Сарыкемер ауылынан шығу жерінде. Іріктеу уақыты 13с:10 минут, оқ – дәрі қоймасынан қашықтық 10 км құрайды, атмосфералық ауа температурасы 30 0С, желдің жылдамдығы 7 м/с, бағыты оңтүстік, оңтүстік-батыс, радиация деңгейі 0,15 мкзв/сағ.
Өлшеу нәтижелері бойынша, ластаушы заттардың шекті рұқсат етілген концентрациясы мен радиация деңгейінің артуы анықталған жоқ.