Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әскери бөлімдегі жаралыс әлі де ауыздықталмады. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.
Жамбыл облысындағы әскери бөлім қоймасынан шыққан өртті сөндіру жалғасып жатыр. Қоймада инженерлік оқ-дәрілер сақталған. Оқ-дәрінің бұл түрі жарылыс жасауға арналған және алысқа ұшатын снарядтары жоқ. Сондықтан жарылыс салдарынан жарықшақтар мен оқ-дәрі бөлшектері ұшқан жоқ. Жарылыстар негізінен толқын сипатында, қатты дыбыстар шығып, жалыны қатты болады, - деп атап өтеді ведомстводан.
Министрлік мәліметінше, қазіргі уақытта медициналық көмекке жүгінген 12 әскери қызметші туралы ақпарат бар.
Аталған әскери бөлімде борышын өтеп жүрген әскери қызметшілер Жамбыл облысындағы әскери бөлімдерге эвакуациялан