Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры Ерлан Алдажұманов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Шекара қызметінің басшысы 19 тамызда Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Шөлдала шекара бөлімшесіндегі сарбаз өліміне қатысты пікір білдірді.
Өкінішке қарай, суицидтер бар, бірақ статистика бойынша өспеген. Ондай деректер бар. Ол немен байланысты? Лауазымды тұлғалар тарапынан олқылыққа жол берілгендігін ресми түрде тексерейік. Біз оны жоққа шығармаймыз. Сонымен қатар әскерге шақырылғандар – біраз басқаша, былайша айтқанда, моральдық және психологиялық тұрғыда қызмет етуге және жүктемені көтере алатындай деңгейде толықтай дайындықтан өтпеген, - деп атап өтті ҰҚК өкілі.
Айтуынша, Қылмыстық-процессуалдық кодекске сәйкес қызметтік тексеріс аяқталғанға дейін тергеудегі кез келген деректі жариялауға болмайды.
Тергеу сол немесе өзге сәтке әсер етуі ықтимал түрлі факторларды қарастырады. Ең соңында оның қайсысы расталып, қайсысы жоққа шығарылатынын тергеу аяқталған соң білеміз. Тергеуді ІІМ Тергеу департаменті жүргізеді. Бізге тергеудің ол материалдарына рұқсат жоқ. Сол үшін қандай да бір пікір білдіре алмаймын. Себебі тергеу материалдарын көрген жоқпын. Тергеу аяқталған соң хабарлайды. Одан соң шара қолданылады, - деді Ерлан Алдажұманов Сенат отырысынан кейін кулуарда БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.
Сонымен қатар ол Шекара қызметі қызметтік тексеріс жүргізіп, соның нәтижесінде тәртіптік және өзге де шараларды қолданғанын айтты.
Жамбыл облысы Шекара қызметі департаментінің басшысы, сол шекара бекеті (оқиға болған – ред.) Шекара басқармасының басшысы, оның тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, бекеттің басшысы да лауазымдарынан шеттетілді. Олар тергеудің аяқталғанын күтеді. Әрі қарай ол лауазымды тұлғаларға қатысты әрекеттер анықталады, - деді Шекара қызметінің басшысы.