Жамбылда жарылғыш туралы жалған ақпарат берген ер адам ұсталды

15 Желтоқсан 2022, 20:12
901
Бөлісу:
Жамбылда жарылғыш туралы жалған ақпарат берген ер адам  ұсталды

2022 жылғы 11 желтоқсанда "102" тетігіне Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығының ғимаратында жарылғыш құрылғы бар деген хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Аталған мекенжайға жедел келген құқық қорғау органдарының қызметкерлері арнайы іс-шаралар өткізді. Тексеру нәтижесінде жарылғыш құрылғы табылған жоқ.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полицейлер осы мекемеде мәжбүрлі түрде  емделіп жатқан облыс орталығының 21 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. 

Ұсталған адамның айтуынша, осылайша ол орталықтан қашуды жоспарлаған.

Осы дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 273-бабымен (Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама)  сотқа дейінгі тергеу  амалдары   басталды. Күдікті  өз кінәсін толық мойындады. Ол Тараз қаласының уақытша ұстау изоляторына орналастырылды.

 

Өзгелердің жаңалығы