Жамбылда заңсыз жүрген шетелдік азаматтар анықталды

<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Көші-қон заңнамасын бұзуды анықтау үшін Жамбыл облысының аумағында "Кашара" жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде, деп жазады облыстық Полиция департаментіның баспасөз қызметі.</h4>

 19 Қараша 2019 2019, 22:16
19 Қараша 2019 2019, 22:16
2464

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Көші-қон заңнамасын бұзуды анықтау үшін Жамбыл облысының аумағында "Кашара" жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде, деп жазады облыстық Полиция департаментіның баспасөз қызметі.

Оған Жамбыл облысының Полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасы қызметкерлерінің жеке құрамы қатысты.

Жамбыл облысының Байзақ ауданы Тегістік ауылында фазенданы тексеру барысында заңсыз көші-қонға қарсы күрес жөніндегі арнайы жеке рота қызметкерлері заңсыз еңбек қызметімен айналысатын Өзбекстан Республикасының төрт азаматын анықтады.

Қазіргі таңда шетелдік азаматтарға қатысты ҚР ӘҚБтК 517-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, оларды ҚР шегінен шығарып жіберу мәселесі қарастырылуда.

Наверх