Жамбылдағы жол апатына орай комиссия құрылды

20 Сәуір 2019, 13:22
2101
Бөлісу:
 Жамбылдағы жол апатына орай комиссия құрылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл обылысындағы қайғылы оқиғаға қатысты «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев қаза болған жандардың отбсына көңіл айтты.

«Жамбыл облысындағы ірі жол апаты туралы суыт хабар менің де көңілімді құлазытып жіберді. Осыған байланысты өзімнің және «Nur Otan» партиясының атынан апат салдарынан қаза болғандардың отбасы мен туған-туыстарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Сондай-ақ зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестігімді білдіремін» - деді Мәулен Әшімбаев.

Сондай-ақ, ол қайғылы оқиғаға қатысты арнайы комиссия құрылғанын айтты.

«Қазіргі таңда осы оқиғаға қатысты арнайы комиссия құрылып, облыстық әкімдік тарапынан шұғыл түрде тиісті жұмыстар жүзеге асырылып жатыр. Бұл жұмыстарға «Nur Otan» партиясы да белсене араласып, қажетті шараларды қолға алды» - деді Мәулен Әшімбаев.

Өзгелердің жаңалығы