Жамбылда төрт күнде 60-қа жуық жүргізуші әкімшілік құқық бұзған

4 Наурыз 2019, 16:15
2650
Бөлісу:
Жамбылда төрт күнде 60-қа жуық жүргізуші әкімшілік құқық бұзған

Тараз, BAQ.KZ. Жамбыл облысында жол-патрульдік полиция қызметкерлері төрт күннің ішінде 900 астам құқық бұзушылық анықтады. Бұл жөнінде ПД ЖППБ командирі, полиция майоры Ерген Руслан мәлімдеді. 

"Жамбыл облысы Полиция депратаменті жол-патрульдік полициясы батальонының жеке құрамымен "Құқықтық тәртіп" республикалық жедел-профилактикалық шарасын өткізген төрт күннің ішінде Жамбыл облысында 920 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, жолы кесілді", - деді полиция майоры. 

Белгілі болғандай, ЖПШ жүргізу кезінде Қазақстан аумағында заңсыз жүрген көрші елдің сегіз азаматы және іздеуде жүрген бір азамат ұсталған. 

Сонымен қатар, жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын көлік құралдары ерекше назарда болған. Осы көлік құралдарының жүргізушілеріне қатысты 59 әкімшілік хаттама толтырылған. 

"3 наурыз күні рейдтік шараларды жүргізу барысында Ақшолақ елді мекенінің маңындағы "Батыс Еуропа – Батыс Қытай" автожолының 46 шақырымында жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын бірқатар автокөліктер тоқтатылды. Көлік иелерінің құжаттарын тексеру барысында жолаушылар мен жүктерді тасымалдау кезінде жүргізушілердің еңбек пен демалыс режимі бұзылғаны, жолаушылар мен жүкті тасымалдау талаптарының сақталмауы, көлік құралдарын пайдалану ережелерінің бұзылғаны анықталды. Көлік құралдары айыппұл тұрғаны қойылды", - деді батальон командирі.
Өзгелердің жаңалығы