Жамбылда өрттен 10 адам құтқарылды

Жамбыл облысында пәтердегі өрт кезінде 10 тұрғын эвакуацияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

 Төтенше жағдайлар министрлігі 21 Қазан 2024 2024, 04:21
21 Қазан 2024 2024, 04:21
739
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Жамбыл облысында пәтердегі өрт кезінде 10 тұрғын эвакуацияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Тараз қаласында төртқабатты тұрғын үйдің төртінші қабатындағы пәтерде 2 шаршы метр алаңда жану орын алды. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер 10 тұрғындарын, оның ішінде 2 баланы баспалдақ маршымен эвакуациялады. Құтқарушылар өртті толығымен сөндірді, - делінген ведомство таратқан хабарламада.

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.

Наверх