Жамбыл облысында "Кітап оқып, рухани бай бол!" байқауы өтті

20 Желтоқсан 2019, 22:30
7117
Бөлісу:
Жамбыл облысында "Кітап оқып, рухани бай бол!" байқауы өтті
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әулиеата өңірінде аймақтық "Кітап оқып, рухани бай бол!" байқауы өз мәресіне жетті. Қазан айында басталған байқауда өңірдің барлық аудандары мен Тараз қаласынан 55 қатысушы бақ сынады.

Бұл білім бәсекесі ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бастауымен еліміздің барлық облыстарында өтуде. Айта кету керек, аталмыш байқау тұңғыш рет 2018 жылы Жамбыл облысында белгілі журналист,  "Jambyl-Taraz" қалалық саяси-қоғамдық газетінің директор-бас редакторы Эльмира Мырза-Ғалидың бастамасымен қолға алынған еді.  Жоба министрлік тарапынан қолдау алып, басқа аймақтарда да жалғасын табуда. Кезекті кітап оқу жарысын Жамбыл облысының "Рухани жаңғыру" жобалық офисі мен Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы бірлесіп ұйымдастырды.
рух1.jpeg

Ережеге сәйкес байқау 2 кезеңге, 2 категорияға бөлінген. Байқау қатысушыларына арнайы белгіленген 43 кітап ұсынылды. 1-кезеңнен сәтті өткен 22 қатысушы ақтық сында өздері таңдап оқыған кітаптардан қойылған сұрақтарға жауап беріп, жеңімпаздар анықталды.

рух2.jpeg

15 жасқа дейінгі қатысушылар арасынан ІІІ орынды Жамбыл ауданы, Бірлесу-Еңбек орта мектебінің 9 сынып оқушысы Жолдыбай Елдос, ІІ орынды Жамбыл ауданы, Бірлесу-Еңбек орта мектебінің 7 сынып оқушысы Жахан Саида, І орынды Тараз қалалық №48 Т.Рысқұлов атындағы орта мектебінің 6 сынып оқушысы Мұхтар Амина иеленсе, 15 жастан жоғарғы қатысушылар арасында ІІІ орынды Тараз қаласы, Жамбыл политехникалық жоғарғы колледжінің 2 курс студенті Ақнұр Баширова, ІІ орынды Меркі ауданы, №6 орта мектебінің 10 сынып оқушысы Диана Жексенбиева, І орынды Тараз қалалық №54 орта мектебінің 10 сынып оқушылары Әсіл Амина иеленді. Барлық қатысушылар мен жетекшілеріне алғыс хаттар, жеңімпаздарға бағалы сыйлықтарды табыс етілді.

рух3.jpeg

Жүлдегерлерді облыстық "Рухани жаңғыру" жобалық офисі КММ-нің басшысы Зарина Қуатова марапаттады. Жастар арасында кітап оқу мәдениетін дамытып, үздік көркем әдеби шығармаларды танымал ету мақсатында өткен шара алдыңғы уақытта да жалғасады.


Өзгелердің жаңалығы