Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Жамбылда кәмелетке толмаған жасөспірім 9 жылға сотталды

Бүгiн, 18:53
68
Бөлісу:
 novosti.tj
Фото: novosti.tj

Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты бұзақылық ниетпен адам өлтірді деп айыпталған кәмелетке толмаған Н.-ға қатысты қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Соттың мәліметінше, 2025 жылғы қыркүйекте кәмелетке толмаған сотталушы Н. мен жәбірленуші К. арасында электрондық темекі үшін жанжал туындады. Жанжал барысында Н. елеусіз сылтау қолданып, бұзақылық ниетпен К.-ның кеудесінің сол жағына бір рет пышақпен соққы жасап, қылмыс орнынан қашып кеткен. Нәтижесінде К. оқиға орнында қайтыс болды.

Сотталушының кінәсі оның мойындау айғақтарымен, куәлердің айғақтарымен, сарапшылардың қорытындыларымен және істің басқа да материалдарымен дәлелденді. Сотталушы Н.-ның өзі кінәсін толық мойындады. Сот кінәлі адамның кәмелетке толмауын жеңілдететін мән-жай ретінде таныды. Ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ. Сот үкімімен Н. ҚК 99-бабы 2-бөлігінің 9) тармағы бойынша кінәлі деп танылып, оған 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, – делінген хабарламада.

Сот материалдық шығын өтемі ретінде сотталушының заңды өкілінен 8 млн теңге өндірді.

Өзгелердің жаңалығы