Жамбылда кәмелетке толмаған 124 бала заңсыз әкімшілік жауапкершілікке тартылған

Кеше, 21:28
147
Бөлісу:
Жамбылда кәмелетке толмаған 124 бала заңсыз әкімшілік жауапкершілікке тартылған
Фото: Жамбыл облысының прокуратурасы

Жамбыл облысында кәмелетке толмаған адамдар қорғаушылардың қатысуынсыз әкімшілік жауапкершілікке тартылған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тараз қаласы мен Жуалы ауданының прокуратурасы кәмелетке толмағандарды заңсыз әкімшілік жауапкершілікке тарту фактілерін анықтады.

Осылайша, уәкілетті орган Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің (бұдан әрі – ӘҚБтК) талаптарын бұза отырып, жол ережесін сақтамаған 16-17 жас аралығындағы 124 кәмелетке толмағандарға қатысты ӘҚБтК-тің 615-бабының 1-бөлігімен әкімшілік істерді қозғау кезінде ресми қорғаушылардың қатысуын қамтамасыз етпеген.

Кәмелетке толмағандар екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл түріндегі әкімшілік жауаптылыққа тартылған. Прокурорлардың наразылығы бойынша соттармен ішкі істер органдарының жоғарыда аталған қаулыларының күші жойылып, кәмелетке толмағандардың құқықтары қорғалды. Сондай-ақ қадағалау актілері бойынша екі лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Қазір өндірілген айыппұлдарды қайтару мәселесі қарастырылуда, - делінген Жамбыл облысының прокуратурасы таратқан хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы