Жамбылда өңірлік ҚАЖД бастығы сотталғандарды қабылдады

<p> </p> <h4> Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбылда өңірлік ҚАЖД бастығы сотталғандарды қабылдады, деп хабарлайды өңірлік қылмыстық атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі. </h4> <br> <p> </p>

 22 Ақпан 2020 2020, 00:22
22 Ақпан 2020 2020, 00:22
2242

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбылда ҚАЖ департаментінің бастығы ЖД-158/1 мекемесіндегі сотталғандарды қабылдады, деп хабарлайды ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметі.

 

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы әділет полковнигі Миржан Смагулов ЖД-158/1 мекемесіндегі сотталғандарды жеке сұрақтары бойынша қабылдау өткізді. Сонымен қатар осы іс-шара аясында тергеудегі азаматтардың да мәселесі тыңдалды.

Түзеу мекемесіндегі азаматтардың сауалына өңірлік Ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының басшысы Ғабит Айтенов те жауап берді.

 

Қабылдау барысында қылмыстық істер, жаза мерзімі бойынша неғұрлым жеңіл жазаға ауыстыру және құжаттандыру мәселелері көтерілді. Aзаматтарды мұқият тыңдаған басшылар олардың сұрақтарына толыққанды жауап берді, - делінген баспасөз хабарламасында.

Наверх