Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Жамбылда ең төменгі зейнетақы мөлшерімен келіспеген зейнеткер сотта жеңіп шықты

9 Қазан 2025, 10:37
642
Бөлісу:
 pixabay.com
Фото: pixabay.com

Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында зейнеткер өз еңбек өтілін дәлелдеп, зейнетақы мөлшерін арттыру құқығын қорғап шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ер адам 1988–1998 жылдары "ПКМ-2006" кәсіпорнында жұмыс істеген. Алайда еңбек кітапшасы жоғалғандықтан, бұл кезең еңбек өтіліне кірмей, оған ең төменгі зейнетақы тағайындалған.

Зейнеткер бірнеше рет уәкілетті органдарға жүгінгенімен, нәтижесіз болған соң сотқа арыз берген.

Сотта оның уәждерін сол уақытта бірге еңбек еткен екі куәгердің айғақтары және ұсынылған анықтамалар растады. Мекеме таратылғандықтан, еңбек өтілін өзге жолмен дәлелдеу мүмкін болмаған.

Нәтижесінде сот азаматтың 1988–1998 жылдары "ПКМ-2006" кәсіпорнында жұмыс істегенін анықтап, арызды қанағаттандырды. Бұл шешім зейнеткерге еңбек өтілін толық есепке алуға және зейнетақы төлемін ұлғайтуға мүмкіндік берді, - деп хабарлады Мойынқұм аудандық сотының баспасөз қызметі.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда зейнетке шығу жасы қашан өзгеретінін жазған болатынбыз. 

Өзгелердің жаңалығы