Жамбылда дәрігерлер мен полицейлер COVID-2019-ға тест тапсырады

24 Сәуір 2020, 05:36
1289
Бөлісу:
Жамбылда дәрігерлер мен полицейлер COVID-2019-ға тест тапсырады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев төтенше жағдай жөніндегі жедел штабтың кезекті отырысын өткізді, деп хабарлайды облыс әкімінің ресми сайты.

Жиында аймақтағы эпидемиологиялық жағдай, карантиндік режимді сақтау және карантиннен кейінгі кезеңде бірқатар өнеркәсіптік кәсіпорындар мен шағын бизнес нысандарының жұмысын қайта бастауға байланысты мәселелер талқыланған.


Облыста COVID-2019 бойынша медицина, полиция және КВИ-ге қарсы іс-шараларға қатысатын әскери қызметкерлер тестілеуден өтіп, олар жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар жиында карантин жағдайында адамдар азық-түлік пен тағамдарды үйге жеткізу қызметіне көбірек жүгіне бастағандығы айтылды. Соңғы уақытта Тараз қаласында жеткізіп беру қарқыны 8 мыңнан 11,5 мыңға дейін өскен.

Басқосу барысында өңірдегі эпидемиялық жағдай жақсарған жағдайда бірқатар өнеркәсіптік кәсіпорындар мен ШОБ объектілерінің жұмысын кезең-кезеңмен қалпына келтіру мәселелері де қаралған. Ол бойынша Тараз қаласы мен аудан әкімдерінің алдына нақты міндеттер қойылды. Ең алдымен, жергілікті атқарушы органдар осы кәсіпорындар мен ұйымдардың тізімін анықтап, олардың әрқайсысымен меморандум жасасуы керек. Меморандумға сәйкес, ол нысандар барлық алдын алу және эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтауға міндеттелмек.
Өзгелердің жаңалығы