Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданы Қорағаты ауылында 15 келушіге арналған фельдшерлік-акушерлік пункт халық игілігіне берілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жаңа әлеуметтік нысанда дәрігерге дейінгі қарау кабинеті, егу, таңу бөлмелері бар, сондай-ақ медицина қызметкерлеріне арналған кабинеттер қарастырылған.
Айта кетейік, нысанның құрылысы халықтың өмір сапасын жақсарту жөніндегі Президент тапсырмасына сәйкес «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық жобасы аясында жүргізілді.
Мереке қарсаңында Жаңатұрмыс ауылында спорт кешені халық игілігіне берілді.
Спорт нысанының құрылысын «Нұр Тұрсын» ЖШС-сы «Ауыл - Ел бесігі» бағдарламасы аясында жүргізді. Жоба құны - 331 млн. теңгені құрайды.
Ауыл ақсақалдары жаңа нысанның лентасын салтанатты түрде қиды. Бұдан соң көпшілік ғимарат ішін аралап, жас спортшылардың өнерін тамашалады.
Т.Рысқұлов ауданында барлығы 199 спорт нысаны халыққа қызмет көрсетеді. Аудан халқының 41 пайызы спортпен жүйелі түрде шұғылданады.
Сондай-ақ бұл күні Құлан ауылында жаңадан салынған 4 пәтерлі тұрғын пайдалануға беріліп, 10 отбасы баспаналы болды
БылтырТ. Рысқұлов ауданында 100 отбасы, 2024 жылы 140 отбасы баспаналы болып отыр.