25 қыркүйекте Жамбыл облысындағы «Айша бибі» оқу полигонында оқу-жаттығу кезінде Ұлттық ұланның үш офицері жарақат алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оқыс оқиға оқу атудан жаттығу кезінде болған.
Қауіпсіздік шараларын бұзу салдарынан үш офицер аяғынан жеңіл жарақат алды. Әскери қызметшілер Тараз қаласының емдеу мекемесіне жатқызылды. Қазіргі уақытта олардың жағдайы қанағаттанарлық деңгейде, өмірлік маңызды органдар зардап шекпеген, – деп хабарлады Ұлттық ұланның баспасөз қызметі.
Оқиғаның себептері мен мән-жайлары анықталу үстінде.