Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Арман Тілеукенов Жамбылда аурухана басшылары 758 млн теңге жымқырғанын мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде жымқыру фактісі бойынша Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының қалалық көпбейінді ауруханасының лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Залал сомасы 758 млн теңгеден асады, - деді Тілеукенов.
Аталған іс бойынша екі адам қамауға алынған. Сот санкциясымен аурухана бас дәрігерінің орынбасары және бұрынғы бас есепші ұсталды.
Тергеу жалғасып жатыр, - деді агенттіктің ресми өкілі.