Жамбылда 50 ауылға су құбыры тартылады

11 Маусым 2020, 01:53
1315
Бөлісу:
Жамбылда 50 ауылға су құбыры тартылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысында елді мекендердің 57,8 пайызы орталықтандырылған сумен қамтылған. 2023 жылы облыс тұрғындарын толықтай ауыз сумен қамтамасыз ету жоспарланған. Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен аппараттық кеңесте энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Нұрлан Алдамжаров хабарлады.

Ағымдағы жылы 17,4 миллиард теңгеге 50 сумен жабдықтау нысанының құрылысы жүргізілуде, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 2,5 есе көп. Жыл соңына дейін 34 нысан пайдалануға беріледі деп күтілуде. Тиісті қаржы "Өңірлерді дамыту" және "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламалары аясында қарастырылған.

Сумен жабдықтау нысандарының басым бөлігі Жуалы, Байзақ, Т.Рысқұлов және Жамбыл аудандарында салынатын болады, - делінген мәліметте.

2021-2023 жылдары 84 елді мекенге жүздеген шақырым су құбыры тартылады десек, нәтижесінде облыстың барлық тұрғындары толықтай таза ауыз сумен қол жеткізбек.



Өзгелердің жаңалығы