Жамбылда 100-ге жуық әскери вирус жұқтырған

28 Мамыр 2020, 06:21
1319
Бөлісу:
Жамбылда 100-ге жуық әскери вирус жұқтырған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысында коронавирусқа қарсы шараны қамтамасыз ету мақсатында 12 штаб, 51 мобильді топ жұмыс істеп жатыр. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыс әкімі Бердібек Сапарбаев баяндады.

Аймақ басшысы онлайн форматта брифингіде ел Президентінің коронавирусқа қарсы іс-қимыл және дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысына жан-жақты тоқталды.

27 мамырдағы жағдай бойынша облыста коронавирустың 358 жағдайы тіркелген. Барлық анықталған оқиғалардың 30-ы аймаққа сырттан келсе, 99-ы әскери, 22-сі медицина саласының, 7-еуі полиция қызметкері. Сондай-ақ, емделіп шыққандардың саны 173-ке жеткен. Ал бір адам қайтыс болған, алайда ол Павлодар облысының тұрғыны. Облыста 7 зертхана жұмыс жасап жатыр. Онда барлығы 23 753 адам тестілеуден өткен.

Қазіргі таңда жұқпалы ауруханада 132 адам жатыр. Негізінен олардың барлығының жағдайы орташа. Дәрігерлердің бақылауына алынған. Үй карантинінде 1 580 адам оқшауланған. Жалпы осы ауруға шалдыққандарды емдеу үшін өңірде 1 424 орын дайындалып, оған қосымша 80 провизорлық орны ашылды. Осы жұмыстарды сапалы жүзеге асыру үшін 867 медицина қызметкерлері тартылған. Медицина қызметкерлеріне арналып алты қонақүй дайындалды. Қазір онда 246 медицина саласы қызметкерлері уақытша тұрып жатыр», – деді Б.Сапарбаев.

Жалпы осы медицина және полиция қызметкерлерін, әскерилерді тиісті құрал-жабдықпен, регистрлермен қамтамасыз ету үшін 1,5 млрд теңге қаржы бөлінген. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2,5 мың медицина қызметкеріне 400 миллион теңгеден астам жәрдемақы төленген.

Сондай-ақ облыс әкімі бүгінде тексеруді жеделдету үшін 7 зертхана жұмыс істейтінін айтты. Халықтың сұранысын тезірек орындау үшін, сұрақтарына жауап беру үшін арнайы 109 жәрдем штабы құрылды. Бүгінгі күнге дейін штабқа 24 мыңға жуық сұрақ түсіпті. Осыған дейін өңірде 44 блокпост жұмыс істеген. Жеңілдету шараларына сәйкес бүгінде олардың 25-і ғана қалған. Блокпостарға 222 адам, 60-қа жуық техника тартылған. Бекітілген алгоритмге сәйкес жұмысты жалғастырып келеді.



Өзгелердің жаңалығы