Жамбылда 10 жасар баланы ит талап тастады

8 Наурыз 2025, 18:07
1838
Бөлісу:
Жамбылда 10 жасар баланы ит талап тастады

Жамбыл облысында қаңғыбас иттер 10 жастағы баланы талап тастады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Halyqstan сайтының мәліметінше, оқиға 25 ақпанда болған. Бала сабақтан үйіне қайтып келе жатқан кезде үйінің жанында бірнеше қаңғыбас ит тап беріп, талап тастай жаздаған.

Бала шұғыл түрде орталық аудандық ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер баланың көп жері жарақаттанғанын айтты. Оның басының самай тұсынан, маңдайы, екі беті мен мұрны жарақат алған.

Бала ауруханаға түскен кезде алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Жаралары өңделіп, антибиотиктер тағайындалды. Психолог пен офтальмолог дәрігерлер баланың ата-анасына кеңес беріп, оны бүгін үйіне шығарды. Қазір жағдайы қанағаттанарлық, – деді Байзақ ауданының әкімі Олжас Баққараев.

Өзгелердің жаңалығы