Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Жамбыл және Алматы облысында жер сілкінді

5 Қаңтар 2026, 13:11
554
Бөлісу:
 pixabay
Фото: pixabay

Қазақстанның оңтүстігінде жер сілкінісі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Қазақстан деректер орталығының жедел мәліметтері бойынша, жер сілкінісі 5 қаңтар күні Астана уақытымен сағат 10:15-та Жамбыл және Алматы облысы шекарасында болды. 

Жер сілкінісінің эпицентрі Отар ауылынан солтүстікке қарай 30 километр қашықтықта орналасқан. Жер сілкінісінің магнитудасы 3,7 балды құрады.

Еуропалық Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының мәліметтері бойынша, жер сілкінісінің магнитудасы 4,2 баллды құрады. Эпицентрі Қордайдан солтүстік-шығысқа қарай 88 километр жерде орналасқан.

Өзгелердің жаңалығы