Жамбыл облысының тұрғынынан үш қап есірткі тәркіленді

<h4> <p align="justify"> Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбылдық полицейлер тұрғынды үш қап есірткімен ұстады. Бұл туралы&nbsp;Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Асқар Жұмабеков хабарлады. </p> </h4> <p> </p> <blockquote> </blockquote> <br>

 7 Қаңтар 2021 2021, 21:52
7 Қаңтар 2021 2021, 21:52
1966

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбылдық полицейлер тұрғынды үш қап есірткімен ұстады. Бұл туралы Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Асқар Жұмабеков хабарлады.

2021 жылдың бірінші күні Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Мойынқұм ауданының 45 жастағы тұрғыны ұсталды. Оның үйіндегі сарайына тінту жүргізу кезінде жалпы салмағы 4 кг 535 граммды құрайтын үш қап “кептірілген марихуана” есірткі заты табылып, тәркіленді – дейді ол.

Күдікті өз кінәсін мойындап, Мойынқұм ауданының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігі (Аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Наверх