Ол сот қаулысымен үш тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Полицияға облыстың 37 жастағы тұрғынына қатысты аудан прокуратурасынан оны қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы материал келіп түсті, өйткені 2017 жылдан бастап ер адам өзінің кәмелетке толмаған баласын асырауға алимент төлеу жөніндегі міндетін атқармаған.
Құқық бұзушының берешегі үш миллион теңгеден асыпты. Бұған дейін ол ҚР ӘҚБтК 669-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, сот қаулысымен үш тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды.
Сондай-ақ, бұл азаматқа жеке сот орындаушысы халықты жұмыспен қамту орталығында түрлі бос жұмыс орындарын ұсынған, алайда жоғарыда аталған азамат ешқандай да себепсіз жұмысқа орналасудан бас тартыпты.
Қазіргі уақытта баланы күтіп-бағуға қаражат төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау дерегіне қатысты ҚР ҚК 139-бабы (Балаларды асырап-бағуға қаражат төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау, еңбекке жарамсыз ата-аналарды, еңбекке жарамсыз жұбайын (зайыбын) күтіп-бағуға қаражат төлеуден жалтару)бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.
Бұл баптың санкциясы алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.