Жамбыл облысының полиция бөліміне 172 жасөспірім жеткізілді

29 Маусым 2022, 23:05
1262
Бөлісу:
Жамбыл облысының полиция бөліміне 172 жасөспірім жеткізілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысының полиция бөліміне 172 жасөспірім жеткізілді, деп хабарлайды Polisia.kz. 

27-29 маусым аралығында Жамбыл облысының аумағында “Түнгі қаладағы балалар” республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді. 

Іс-шараның негізгі мақсаты – кәмелетке толмағандар арасында, сондай-ақ оларға қатысты қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу. 

Республикалық жедел-алдын алу іс-шарасының бірінші күні ішкі істер органдарына түрлі құқық бұзушылықтар жасаған 172 жасөспірім жеткізілді, оның ішінде 194 жасөспірімге әкімшілік хаттама толтырылды. Бес жасөспірім және жеті қолайсыз отбасы анықталып, есепке алынды.

Сонымен қатар алкоголь өнімдерін сатудың алты дерегі, сондай-ақ кәмелетке толмаған жасөспірімдер түнгі уақытта даяшы болып жұмыс істеген екі ойын-сауық орны анықталды. Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз ойын-сауық мекемелерінде және тұрғынжайдан тыс жерде болғаны үшін 167 ата-ана және көңіл көтеру орындарының жеті лауазымды тұлғасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Облыста мектеп бітіру кештеріне арналған іс-шаралардың өткізіліп жатқанын ескереміз, осыған байланысты барлық ойын-сауық мекемелері, сондай-ақ жастар көп жиналатын орындар ерекше назарда болады. Кәмелетке толмағандардың демалуға және серуендеуге арналмаған орындары мен су айдындары ерекше алаңдаушылық туғызуда. Жыл басынан бері жеке үйлердің аумағында жас балалардың суға батып кетуінің екі дерегі тіркелді, бұдан тағы да ата-аналар тарапынан олардың кәмелетке толмаған балаларының бос уақытын өткізуде тиісті бақылаудың болмауынан орын алғанын көреміз. Ата-аналарға өз тараптарынан бақылаусыздықтың болмауы жасөспірімдердің құқық бұзушылық жасауына немесе оларға қатысты құқыққа қарсы әрекеттер жасауына себеп болуы мүмкін екенін білуі және түсінуі маңызды, балаларын тәрбиелеуде жауапкершіліктері туралы ұмытпауы керек, – деді Жамбыл облысы Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасы ювеналдық полиция тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Қуанышбек Қалжанов.

Өзгелердің жаңалығы