3 шілдеде сағат 17:30-де Жамбыл облысы Рысқұлов атындағы ауданының Шолақ Кайынды ауылынан 12 км таулы жерде құрғақ шөп жанды, өрт таудың басында болған, ауданы анықталып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оқиға орнында ТЖД жеке құрамнан 45 адам мен 6 арнайы техника, ерікті өрт сөндіру құралымдарынан 30 адам және 5 техника, орман шаруашылығынан 30 адам және 2 техника күштері мен құралдары жұмылдырылды, - делінген ТЖМ таратқан хабарламада.
Жамбыл облысы ТЖД бөлімшелерінің күштері мен құралдары өрт орнына сағат 00.35-те жетті (өрт болған жерге дейінгі арақашықтық 65 км және таудың баурайымен 2 км).
4 шілдеде сағат 7.15-те жетуі қиын жердегі өртті сөндіру үшін жеке құрамды жеткізу үшін Қазавиақұтқарудың ЕО-19 АҚ тікұшағы оқиға орнына шықты. Бортта ТЖД бастығының орынбасары Е. Ақылбеков және департаменттің бейінді қызметтерінің қызметкерлері бар.