Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Жамбыл облысының бұрынғы әкімі 12 жылға сотталды

3 Шілде 2025, 14:57
1392
Бөлісу:
 president.kg
Фото: president.kg

Жамбыл облысының бұрынғы әкімі Кәрім Көкірекбаев аса ірі көлемде пара алғаны үшін 12 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Сот үкімі Алматылық сотта шығарылды. Мемлекетке келтірілген залал мөлшері – шамамен 2 млрд теңгені құрайды.

Алматы облысында өткен сот процесінде Жамбыл облысының экс-әкімі Карим Көкірекбаев, оның орынбасары Адилет Ахатаев және мердігер ұйымның басшысы Андрей Поплавский кінәлі деп танылды.

Тергеу материалдарына сәйкес, Көкірекбаев пен Ахатаев аса ірі көлемде пара алған. Ақша мердігер компанияның директоры Поплавскийден заңсыз түрде алынған. Олар бұл қаражатты атқарылмаған жұмыстар бойынша жалған актілерге қол қою үшін алған.

Нәтижесінде мемлекетке келтірілген шығын көлемі шамамен 2 млрд теңгені құраған.

Сот үкімі бойынша:

– Кәрім Көкірекбаев 12 жылға,
– Әділет Ахатаев пен Андрей Поплавский 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.

Сонымен қатар үшеуі де өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды.

Аталған сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Өзгелердің жаңалығы