Ербол Қарашөкеев Жамбыл облысының әкімі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Ербол Шырақпайұлы Қарашөкеев Жамбыл облысының әкімі лауазымына тағайындалды.
Ербол Қарашөкеев 1976 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін, Қазіргі заманғы гуманитарлық институтты тәмамдаған. Мамандығы бойынша біліктілігі — экономист, бакалавр академиялық дәрежесімен менеджмент саласындағы маман, экономика магистрі, заңтану бакалавры.
Еңбек жолын 1998 жылы Статистика агенттігі талдау және конъюнктуралық зерттеулер басқармасының бас маманы болып бастаған.
- 1999-2001 жылдары — Президент Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық талдау бөлімінің консультанты.
- 2001 жылдан бастап 2003 жылға дейін коммерциялық ұйымдарда басшылық лауазымдарда жұмыс істеген.
- 2003-2006 жылдары – "Экспорттық кредиттер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорациясы" АҚ Қаржы департаментінің директорының м.а., директоры – басқарма мүшесі.
- 2006-2007 жылдары Қаржы министрлігінің жиынтық-талдау департаментінде жұмыс істеді. 2007 жылғы қаңтар-шілде аралығында "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ басқарушы директоры болып жұмыс істеді.
- 2007-2009 жылдары — "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ басқарма төрағасы, Директорлар кеңесінің мүшесі.
- 2010-2012 жылдары — Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің "Қаржылық бұзушылықтарды зерттеу орталығы" РМК директоры.
- 2012-2013 жылдары — "ҚБТУ мұнай-газ инжинирингі және ақпараттық технологиялар институты" ЖШС бас директоры. 2013-2016 жылдары — "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ басқарма төрағасының орынбасары.
- 2016-2019 жылдары — Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісінің орынбасары.
- 2019 жылғы қаңтар-сәуір аралығында — Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің төрағасы.
- 2019 жылғы сәуірден 2021 жылғы наурызға дейін — "ҚазАгро" холдингі" АҚ басқарма төрағасы.
- 2021 жылғы сәуір-шілде аралығында – Қаржы вице-министрі.
- 2021 жылғы шілде айынан бастап – Ауыл шаруашылығы вице-министрі болды