Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысының 10 тұрғынына үйде оқшаулау тәртібін бұзғаны үшін айыппұл салынды.
Олар оң ПТР тесті нәтижесі бола тұра қоғамдық орындарға барып, ASHYQ бойынша жұмыс істейтін нысандарда – ХҚКО, дәмхана, жоғарғы оқу орындары және т.б. нысандардың қызметтерін пайдаланған.
Азаматтарға ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабының 1-бөлігі «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзу» бойынша 87 510 теңге (30 АЕК) мөлшерінде айыппұл салу арқылы әкімшілік жазалау шаралары қабылданды.
Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тұрғындардан үй карантиніндегі адамдарды оқшаулау шарттарын қатаң сақтауға шақырады. Сондай-ақ ASHYQ жобасына қатысатын кәсіпкерлер мен мекеме басшыларына Сізден жобаның талаптарын ұстануды өтінуде.
Жамбыл облысында «қызыл» мәртебесі бола тұра 14 күндік үй карантинін бұзғандар тізімі:
1. Тапелова Элмира Нарботаевна – Сарысу ауданы;
2. Ахилбекова Жамиля Жумабаевна – Тараз қаласы;
3. Даулет Елжан Мухиддинулы – Тараз қаласы;
4. Мусаева Эльмира Джабаровна – Талас ауданы;
5. Абдиханова Анара – Тараз қаласы;
6. Нурбеков Талгат Балтабекович – Тараз қаласы;
7. Уразалиева Айгуль Ерболатовна – Тараз қаласы;
8. Каленбеков Орунбай – Тараз қаласы;
9. Маханбетхан Мақсат Бегежанұлы – Тараз қаласы;
10. Танатаров Ержан Асканбекович – Тараз қаласы.