Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Жамбыл облысындағы шекарада атыс болды ма? – ҰҚК жауап берді

11 Қыркүйек 2025, 09:39
585
Бөлісу:
 Shutterstock
Фото: Shutterstock

10 қыркүйек күні таңертең әлеуметтік желілерде Жамбыл облысындағы Қазақстан-Қырғызстан шекарасында атыс болып, соның салдарынан заң бұзушылар жарақаттанды деген ақпарат тарады. Алайда Ұлттық қауіпсіздік комитеті бұл мәліметті растаған жоқ, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл мәлімет шындыққа жанаспайды, - деп мәлімдеді  Ұлттық қауіпсіздік комитеті.

Ведомство азаматтарға тексерілмеген ақпаратты таратпау қажеттігін еске салды. 

ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабының 3-тармағына сәйкес, жалған ақпаратты әдейі тарату – БАҚ арқылы, интернетте немесе мессенджерлерде – 3000 АЕК-ке дейін (шамамен 11,8 млн теңге) айыппұл салуға, түзеу немесе қоғамдық жұмыстарға, сондай-ақ үш жылға дейін бас бостандығын шектеу не айыруға әкеп соғады, - делінген ҰҚК хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы