Жамбыл облысында көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылды. Бұл туралы “ҚазАвтоЖол” ҰК баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
2026 жылғы 1 қаңтар сағат 19:20-дан бастап Жамбыл облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты (бұрқасын, қалың тұман, көрінудің шектелуі) республикалық маңызы бар «РФ шекарасы – Мартөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы (жаңа Қордай асуы)» автожолының 159–238 шақырым аралығында (Кенен ауылынан Қайнар ауылына дейін) көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді, - делінген хабарламада.
Қозғалыс ескі Қордай асуы арқылы жүзеге асырылады.
Жолды 2026 жылғы 2 қаңтар күні сағат 09:00-де ашу жоспарланып отыр.
Жол мамандары жүргізушілерден жолға шықпас бұрын ауа райы жағдайын ескеріп, қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды.