Жамбыл облысындағы ауруханалар Арнаулы мемлекеттік қор қаржысынан жөнделеді

Жамбыл облысындағы ауруханаларды реконструкциялауға Арнаулы мемлекеттік қордан 2,4 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 gov/kz 5 Тамыз 2025 2025, 08:03
5 Тамыз 2025 2025, 08:03
757
Фото: gov/kz

Жамбыл облысындағы ауруханаларды реконструкциялауға Арнаулы мемлекеттік қордан 2,4 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі жазды.

Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес Қазақстанда халықтың өмір сүру сапасын арттыруға және елге қайтарылған заңсыз иемденілген активтер қаражаты есебінен әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған жобаларды жүзеге асыру жалғасуда.

"Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасы аясында Жамбыл облысының Меркі және Талас аудандарындағы ауданаралық көпбейінді орталық ауруханаларды реконструкциялау көзделген. Осы мақсатта Арнаулы мемлекеттік қордан 2,4 млрд теңге бөлінді.

Мәселен, қайтарылған активтердің бір бөлігі Талас аудандық көпсалалы орталық аурухананы реконструкциялауға бағытталмақ. Қарастырылған қаражат көлемі – 2,3 млрд теңге.

Наверх