Жамбыл облысындағы атыс: 4 күдікті ұсталды

Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының 4 тұрғыны атысқа қатысы бар деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

 Арман Мухатов  - архив 31 Шілде 2025 2025, 09:10
31 Шілде 2025 2025, 09:10
893
Фото: - архив

Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының 4 тұрғыны атысқа қатысы бар деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Тергеу барысы Жамбыл облысы Полиция департаменті басшылығының бақылауында. Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпарат жариялауға жатпайды, – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Еске салайық, бұған дейін Жамбыл облысында атыс болып, 4 адам жараланғанын хабарлаған болатынбыз. 

Наверх