Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Жамбыл облысында жоғалған ер адам үш күннен кейін табылды

Кеше, 02:34
675
Бөлісу:
 ТЖМ баспасөз қызметі
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Жамбыл облысында жоғалған ер адам табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сағат 11:00-де Мойынқұм ауданында, Мойынқұм ауылынан 90 шақырым қашықтықта орналасқан шаруа қожалығы аумағында 1964 жылы туған азамат хабарсыз кеткен. Ол 31 желтоқсан күні Мойынқұм ауылына қарай жаяу шыққан.

Іздестіру-құтқару жұмыстарына ТЖМ, полиция департаменті және жергілікті атқарушы органдар жұмылдырылды. Жеке құрам, арнайы техника, кинологиялық есеп және ұшқышсыз ұшу аппараттары пайдаланылды.

Қызметтердің үйлесімді және жедел әрекеттерінің нәтижесінде жоғалған азамат шаруа қожалығынан шамамен 50 шақырым қашықтықта, дала аумағынан табылды. Ер адамның жағдайы қанағаттанарлық, медициналық көмек қажет болмады.

Өзгелердің жаңалығы