Жамбыл облысында жоғалған балалар табылды

26 Сәуір 2021, 11:45
1591
Бөлісу:
Жамбыл облысында жоғалған балалар табылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз дәстүрлі брифингте айтты.

Немерелерінің жоғалғаны туралы полицияға Мойынқұм ауданы Құмөзек ауылының тұрғыны хабарлады. Шағымданушы 9 және 11 жастағы немерелері ойнауға шығып, жоғалып кеткенін айтты. Дабыл бойынша Жамбыл облыстық ПД барлық жеке құрамы көтерілді. Соңында полиция балаларды тапты, - деді ол.

Ораз айтқандай, көрші көшедегі туыстарының үйінде болған балалардың айтуынша, олар кешкі ас ішіп, теледидар көріп, ұйықтап қалған.

Немерелері басқа үйде түнеп қалғаны туралы әжесіне хабарлау ешкімнің ойына келмеген. Туыстары тәртіп сақшылары келіп қақпаны қаққанша полиция балаларды іздеп жатыр деп күдіктенбеген. Бақытымызға орай, балалармен бәрі жақсы, олардың өмірі мен денсаулығына еш қауіп төнген жоқ. Ішкі істер министрлігі қырағы болуды, балаларының бос уақытын және достық байланыстарын бақылауды сұрайды, - деді Нұрділдә Ораз.


Өзгелердің жаңалығы