Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Жамбыл облысында жел генераторларына арналған зауыт ашылды

2 Қыркүйек 2025, 10:35
440
Бөлісу:
 Ақорда
PHOTO
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы бейнебайланыс арқылы Жамбыл облысында жел генераторларына арналған қосалқы бөлшектер шығаратын зауыттың ашылу салтанатына қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдағы ресми сапары аясында ҚХР Мемлекеттік кеңесінің бірінші вице-премьері Дин Сюэсянмен бірге бейнебайланыс арқылы Жамбыл облысында жел генераторларына арналған қосалқы бөлшектер шығаратын зауыттың алғашқы кешенін салтанатты түрде іске қосты. 

Жамбыл облысында жел генераторларына арналған зауыт ашылды

Аталған жоба – "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры мен SANY Renewable Energy компаниясының табысты серіктестігінің нәтижесі. Бұл жел энергетикасына арналған қондырғылар шығаратын әлемдегі ең ірі компанияның елімізде ашқан бірінші кәсіпорны. Өндірістік база Шу қаласындағы "Жібек жолы" арнайы экономикалық аймағында орналасқан. 

Жамбыл облысында жел генераторларына арналған зауыт ашылды

Кәсіпорын гондола, күпшек, мұнара сияқты жел электр стансасына қажет бөлшектерді шығарады. Жобаны жүзеге асыру еліміздегі жаңа электр стансаларының құрылысын қамтамасыз етіп, "жасыл" энергетиканың дамуына зор үлес қосады.

Жамбыл облысында жел генераторларына арналған зауыт ашылды
Өзгелердің жаңалығы