Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Батыс Еуропа – Батыс Қытай автожолының Жамбыл облысы аумағындағы учаскесінде бірден бірнеше көлік жол апатына ұшырады.
Жамбыл облысы Полиция департаментінің мәліметінше, көктайғақ пен жолдың нашар көрінуінен 7 көлік жол апатына ұшыраған. Бірнеше жүк көлігі жолдың тайғақтығы салдарынан аударылған.
Жол-көлік оқиғасы кезінде зардап шеккен адамдар жоқ. Болған оқиға тексеріліп жатыр, - деді ведомстводан.
Айта кетейік, Жамбыл облысыда ауа рай бұзылуына байланысты жергілікті полиция күшейтілген режимде жұмыс істеуде.