Жамбыл облысында «Жаңатас» жел электр стансасы 1,2 млрд теңгенің өнімін өндірді

18 Маусым 2021, 20:12
2889
Бөлісу:
Жамбыл облысында «Жаңатас» жел электр стансасы 1,2 млрд теңгенің өнімін өндірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысы Сарысу ауданында жүзеге асып жатқан теңдеcсіз жобаның бірі – жел электр стансасы. Стансаның қуаттылығы 100 мегаватт. Мұнда жоспар бойынша жыл сайын 340 миллион киловатт электр энергиясы өндіріледі деп күтілуде.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады. 

Жалпы, алдын ала болжам бойынша «Жаңатас» жел электр стансасы Сарысу ауданын ғана емес, бірнеше елді мекенді жарықпен қамти алады. Айта кетейік, бұл - Орталық Азиядағы ең алып жоба. Құрылғылар толықтай Қытай Халық Республикасынан әкелінуде.

Жобаның жалпы құны 130 миллион АҚШ долларын құрайды. Жоба аясында қуаты 2,5 мегаватт болатын 40 жел энергетикалық блок пен электр жабдықтарын, сондай-ақ, бір станса торабы мен көпфункционалды орталық салу жоспарланған.

Жамбыл облысында «Жаңатас» жел электр стансасы 1,2 млрд теңгенің өнімін өндірді

Жалпы жоба бойынша орнатылатын 40 жел турбинасының бүгінгі күнге 37-сі орнатылған. Оның ішінде 25 жел турбинасы сынақ режимінде іске қосылған. Бүгінгі таңда орта есеппен 15 млн. кВт/сағ. электр энергиясын өндіруде.

«Жаңатас» жел электр стансасы ЖШС өнеркәсіп саласына өз үлесін қосуды бастады. 1-ші тоқсан қорытындысымен 1,2 млрд.теңгенің өнімі өндірілді, – дейді «Жаңатас» жел электр стансасы ЖШС менеджері Наурызбек Жұмағазин.

«Жасыл» энергетиканы қарқынды дамытуға бет бұрған елімізде баламалы қуат көздерінен энергия жинау жолға қойылып келеді. Бұл ретте, болашақтың технологиясын өз игілігіне жаратуда облысымыздың республика көлемінде көш бастап келе жатқаны қуантады.

Ендігі кезекте, қалған турбиналарды орнату бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Жобаның құрылысы 2021 жылдың маусым айында толықтай аяқталады деп күтілуде.

Жалпы жоба оңтүстік Қазақстандағы электр энергиясы тапшылығын жойып қана қоймай, тау-кен өндіруші кәсіпорындардың да жұмысының тиімділігін арттырмақ.

Жамбыл облысында «Жаңатас» жел электр стансасы 1,2 млрд теңгенің өнімін өндірді

Жоба тарапынан көрсетілген әлеуметтік көмектер:

2019 жылы орталық ауруханаға жедел-жәрдем автокөлігін сыйлаған;

Промзона 2 адресіндегі тұрғын үйдің шатыры және 5 пәтерге жалпы құны 10,0 млн.теңгені құрайтын жөңдеу жұмыстары жүргізілді;

Жаңатас қаласындағы «Ынтымақ» аллеясында жалпы құны 19,0 млн.теңгені құрайтын абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

Аз қамтылған отбасылар мен мүгедектерге 10 азық-түлік қорабы түріндегі гуманитарлық көмек көрсетілген.



Өзгелердің жаңалығы