Жамбыл облысында жаңа мектеп пайдалануға берілді

29 Желтоқсан 2020, 19:04
2289
Бөлісу:
Жамбыл облысында жаңа мектеп пайдалануға берілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Жамбыл облысы Меркі ауданында «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы аясында бой көтерген білім ордасы ашылды.

Андас батыр ауылдық округі, Гранитогор ауылында 120 орындық мектеп құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. 

Салтанатты сәтте аудан әкімі Мейірхан Өмірбек сөз сөйлеп, аудандағы биылғы жылы атқарылған жұмыстарға тоқталды

Биыл Меркі ауданында мемлекеттік бағдарламалар аясында төрт мектеп күрделі жөндеуден өтсе, бір білім ордасы бой көтеріліп, беріліп отыр.

Жамбыл облысында жаңа мектеп пайдалануға берілді

Ауыл тұрғындары сапалы, заманауи талаптарға сай салынған мектептің әр сыныптарымен танысып ризалықтарын білдірді.

Жобалық құны 505 млн теңгені құраған нысанды  «Темір-Строй Сервис и К» компаниясы 20 мамырдан құрылысын бастап,  алты айдан аса уақыт құрылыс жұмыстарын жүргізген. 


Өзгелердің жаңалығы