Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Жамбыл облысында үш бала газдан уланып көз жұмды

20 Сәуір 2025, 18:30
839
Бөлісу:

Жамбыл облысы Меркі ауданында үш бала газдан уланып қайтыс болды, деп хабарлайды аудан әкімдігі.

Қайғылы оқиға 19 сәуірде болған.

19 сәуірде Меркі аудандық ауруханасына көмірқышқыл газына уланған 8, 6 және 4 жастағы үш жасөспірім жеткізілген. Өкінішке орай балалар ес-түссіз күйде қайтыс болды, - дейді ведомство.

Алдын ала тергеу мәліметінше, балалар жалдамалы пәтерде үлкендерсіз өздері болған. Аналары үйге оралғанда газ иісін байқап, қыздарын ауруханаға жеткізуге әрекеттенген.

Оқиға орнына құзырлы органдардың мамандары барды. "Адам өлу" дерегімен сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Марқұм балалардың отбасына бұған дейін әлеуметтік көмек тұрақты көрсетілген. Анасы 2025 жылдың қаңтарынан бастап тұрақты жұмыс істейді, - дейді әкімдік.

Қазіргі уақытта арнайы жұмыс тобы құрылып, отбасына психологиялық және әлеуметтік қолдау көрсетіліп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы