Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев ӨКҚ алаңында айтты.
Жамбыл облысында өткен тәулікте КВИ-дің 171 жағдайы, пневмонияның 25 жағдайы тіркелді. Аймақта 3 634 төсек-орындық инфекциялық стационарларда 2 245 науқас жатыр, - деді ол.Қалиевтың айтуынша, төсек-орындар 62%-ға толтырылған.
Ал реанимациялық төсек-орындарда 176 науқас жатыр. Нысан 416 төсек-орындық десек, ол 42%-ға толтырылған. Карантин стационарларына 23 тұлға (170 төсек-орнының толуы 14%) орналастырылған. Жалпы облыс бойынша 18 жастан жоғары 582 000 адамды коронавирус инфекциясына қарсы вакцинациялау жоспарланған. Қазіргі таңда 324 904 тұлға екпе алып, 55,8%-ды құрады. Жалпы облыс бойынша 23 МСАК ұйымдарында 43 егу пункті бар, олар 15 қалада, 28 ауданда орналасқан, - деді Әсет Қалиев.