Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қордай ауданындағы сел шайған бірнеше ауылда төтенше жағдай жарияланды.
Табиғи апаттан келген шығын 135 миллион теңгеден асқан.
Арнайы құрылған комиссия мәліметінше, 169 қой-ешкі, бірнеше жылқы, сиыр және 400-ге тауық жоғалған. Ауыз су жүйесі, электр желілері істен шыққан. Ауыл тұрғындарының барлық шығынын мемлекет өтейді.