Жамбыл облысында сода өндіретін зауыт салынбақ

20 Мамыр 2019, 19:53
2841
Бөлісу:
Жамбыл облысында сода өндіретін зауыт салынбақ

Жамбыл облысы. BAQ.KZ тілшісі. Жамбыл облысында «Qazaq Soda» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі кальцийленген сода өндіру зауытын салуды жоспарлап отыр. Оның инвесторы – түркиялық «Yildirim Holding» компаниясы.


Сарысу ауданынан ірге қалайтын жобаның жалпы құны 270 миллион АҚШ долларын, төл теңгемізге шаққанда 102,6 миллиард теңгені құрайды. Зауыттың жылдық қуаты 400 мың тонна өнім өндіруге есептелген. Өндірісті толықтай жолға қойғаннан кейін өнім көлемі1,2 миллион тоннаға дейін артады деп күтілуде. 

«Химия өнеркәсібі саласындағы бұл жоба нақты іс жүзіне асырылатын болса, серіктестік 500-ге жуық адамды жұмыспен қамтымақ ниетте. Жалпы жобаны 2019 -2022 жылдар аралығында жүзеге асыру белгіленген», - дейді Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Нұржан Календеров.

Мамандардың сөзіне қарағанда, бүгінгі таңда «Соркөл» тас тұзы кен орнына конкурс өткізіліп, «Соркөл» (қоры 1,93 миллиард тоннаны, құрамындағы натрий хлориді 66 пайызды құрайды), «Ақсай» (қоры – 12,7 миллион тонна), «Ақтау» және «Ақтау-1» кен орнындарында барлау жұмыстары жүргізілуде. Оның жобалау-сметалық құжаттамасы мен техникалық-экономикалық негіздемесін дайындау жұмыстары басталып кетті.





Өзгелердің жаңалығы