Жамбыл облысында шенеуніктің өліміне қатысты іс тергеліп жатыр

8 Қыркүйек 2021, 17:54
3667
Бөлісу:
Жамбыл облысында шенеуніктің өліміне қатысты іс тергеліп жатыр
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысы Қаратау қаласының  көшелерінің бірінде жараланған ер адамның денесі табылған. 

Жамбыл облысы ПД мәліметінше, 2 қыркүйекте Талас аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне белгісіз ер адамның денесі табылғаны туралы хабарлама келіп түскен.


Марқұмның өз атына тіркелген аңшылық мылтықтан оқ атқаны анықталды. Қайтыс болған адамның жеке басы анықталды, ер адамды туыстары анықтады. Ол аталған елді мекеннің тұрғыны болып шықты. Өз-өзіне қол жұмсау себебін және істің барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу органдары Қазақстан ҚК-нің 105-бабының 1-бөлігі бойынша, яғни («өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу») бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, - деп хабарлады Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта барлық қажетті сот сараптамасы тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде. ҚР ҚІЖК-нің 201-бабының негізінде тергеу мүддесінде істің басқа да мәліметтері жария етілмейді.

Сонымен қатар inbusiness.kz порталы Талас ауданы әкімдігіне сілтеме жасай отырып, қаза болған ер адам Талас ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің сектор меңгерушісі Берік Кемелұлы екендігін айтады.



Өзгелердің жаңалығы